$ 511.92 € 588.91 ₽ 6.44

Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салатын компания белгілі болды

Дулат Абдраманов
14 маусым 2025 11:29 9
Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясын (АЭС) қай компания жүзеге асыратыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Атомдық энергия агенттігі хабарлады.
Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салатын компания белгілі болды

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен іріктеу нәтижесінде финалға төрт ірі компания өтті: Қытайдың CNNC, Францияның EDF, Оңтүстік Кореяның KHNP және Ресейдің «Росатом» компаниясы.

Барлық қатысушылар жобаның алдын ала құнын, мерзімдерін, қаржылық моделін, жергілікті қамту деңгейін және кадр даярлау шараларын қамтитын толық ұсыныстарын ұсынды.

Кешенді бағалау нәтижесінде (Assystem және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп жасалған) жеңімпаз болып «Росатом» танылды. Екінші орынды — Қытайдың CNNC, үшінші орынды — Франция мен Корея компаниялары бөлісті.

Қазір Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысына ресейлік экспорттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылауда. Сонымен қатар, билік басқа елдермен де тиімді консорциум құру бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар