$ 511.92 € 588.91 ₽ 6.44

Интернеттен инвестиция іздеген 86 мың адам алаяқтарға жем болды

Дулат Абдраманов
13 маусым 2025 10:53 23
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын анықтап, олардың қызметін тоқтату жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының жолы кесілген. Олар 86 мыңнан астам адамды алдап үлгерген.
Интернеттен инвестиция іздеген 86 мың адам алаяқтарға жем болды Сурет авторы: gov.kz

Сондай-ақ жалған инвестицияларды жарнамалаған 7 мыңнан астам сайт бұғатталып, жалпы аудиториясы 276 мың адамды қамтыған Instagram мен Telegram-дағы 43 заңсыз чат жабылған.

Бұған қоса, 19 пирамидаға қатысты тергеу аяқталып, 12,5 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды – бұл келтірілген шығынның орнын толтыруға көмектеспек.

Айта кетейік, 2021 жылдан бері 100-ден аса қаржы пирамидасы тоқтатылып, 227 ұйымдастырушы нақты мерзімге сотталған.

Соңғы жаңалықтар