$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Әскери қызметін өтеген жастар үшін бөлінген білім гранттарының иегерлері анықталды

Дулат Абдраманов
03 маусым 2025 09:30 189
Әскери борышын өтеп келген 17 500-ден астам сарбаздың арасынан Жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік грант жеңімпаздарының тізімі жарияланды.
Әскери қызметін өтеген жастар үшін бөлінген білім гранттарының иегерлері анықталды

Конкурстық іріктеуге еліміздің Қарулы Күштері, Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан қатарындағы сарбаздар қатысты.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен жалпы саны 2314 білім гранты бөлінген. Оның ішінде:

  • азаматтық жоғары оқу орындарына – 2010 орын,

  • Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына – 253 орын,

  • Ұлттық ұлан академиясына – 36 орын,

  • ҰҚК Шекара қызметінің академиясына – 12 орын,

  • Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына – 3 орын берілді.

Биыл грант иегерлері білім алатын жоғары оқу орындарының қатарында Астана IT университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті көш бастап тұр.

Талапкерлер ең көп таңдаған бағыттар – ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және техникалық мамандықтар.

Соңғы жаңалықтар