$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Дулат Абдраманов
05 маусым 2025 13:58 25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді
Сапар барысында Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары таныстырылды.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Президент осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Соңғы жаңалықтар