$ 511.77 € 593.19 ₽ 6.41

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай амнистия туралы заңды қабылдады

Сапарғали Қанат
11 маусым 2025 10:56 26
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия жариялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Мәжіліс Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай амнистия туралы заңды қабылдады Сурет авторы: parlam.kz

Депутат Абзал Құспанның айтуынша, заңның негізгі мақсаты – қылмыстық саясатты ізгілендіру.

Заң жобасына сәйкес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндірмейтін қылмыстарды жасаған адамдарды амнистиялау ұсынылады. Атап айтқанда:

- қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандар
- орташа ауырлықтағы қылмыс жасап, залал келтірмеген немесе келтірілген залалды толық өтегендер
- әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар, зиянның орнын толтыруына немесе азаматтық талаптың бар-жоғына қарамастан, орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар

Сонымен қатар, бұл заң жобасы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінің 63 мекемесінде 40 мыңнан астам адам жазасын өтеуде. Олардың ішінде 33 мыңы – сотталғандар, ал 7 мыңы – тергеу изоляторында отырғандар. Бұдан бөлек, пробация қызметінің есебінде 27 мыңнан астам адам тіркелген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбековтың айтуынша, қазіргі таңда кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында 75 бала жазасын өтеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар