$ 511.77 € 593.19 ₽ 6.41

Франция 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қоюы мүмкін

Дулат Абдраманов
12 маусым 2025 13:27 17
Франция 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қоюы мүмкін

Президент Эммануэль Макрон Еуроодақ бұл мәселеде нақты нәтижеге қол жеткізе алмаса, Франция әлеуметтік желілерге қатысты жеке шаралар қабылдайтынын ескертті. Атап айтқанда, ол 15 жасқа дейінгі балалардың мұндай платформаларды пайдалануына тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы бұдан бөлек, елде онлайн түрде пышақ сататын сайттарға да қатаң бақылау орнатылатынын мәлімдеді. Жаңа жүйе сайт қолданушыларынан жасты растайтын механизмді талап етпек. Бұл — Францияда бұған дейін порнографиялық контентке қарсы енгізілген тәртіптің жалғасы.

Соңғы жаңалықтар