$ 511.77 € 593.19 ₽ 6.41

Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келмек?

Дулат Абдраманов
11 маусым 2025 09:09 41
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келмек?
16-17 маусым күндері Қазақстанға ресми сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асатын бұл сапар – қос ел арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың айқын көрінісі.

Сапар аясында екіжақты кездесулер өтіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланады. Сарапшылардың пікірінше, бұл келіссөздер өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық байланыстар және инфрақұрылымдық жобаларды қамтуы мүмкін.

Ал 17 маусымда Астанада маңызды халықаралық шара — «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтпек. Аймақ елдерінің басшылары қатысатын жиында өңірлік ынтымақтастық пен интеграцияны күшейту мәселелері күн тәртібіне қойылады.

Бұл саммит – Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы саяси және экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеретін маңызды алаң болмақ.

Соңғы жаңалықтар