$ 511.92 € 588.91 ₽ 6.44

Трамп Иранға: «Кеш болмай тұрып келісімге келіңдер»

Дулат Абдраманов
13 маусым 2025 16:13 22
Трамп Иранға: «Кеш болмай тұрып келісімге келіңдер» Сурет авторы: rbc.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға ядролық бағдарлама бойынша келісімге келу қажеттігін тағы ескертті. Ол өзінің мәлімдемесінде:

«Мен Иранға қайта-қайта мүмкіндік бердім. «Жай ғана келісімге келіңдер» деп ең қатаң сөздермен айттым. Бірақ қанша тырысса да, жақындаса да, олар келісе алмады. Мен оларды ескерттім – салдары елестеткендерінен де ауыр болады», – деді Трамп.

Президент Иранды «тым кеш болмай тұрып» келісім жасауға шақырды.

«Иран келісімге келуі керек. Әйтпесе ештеңе қалмайды. Кезінде Иран империясы аталған елді сақтап қалу үшін қазір шешім қабылдауға тиіс. Енді өлім де, қирату да болмауы керек. Тезірек келісімге келіңдер», – деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар