$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Колледж студентінің мәйіті табылды

Дулат Абдраманов
09 маусым 2025, 14:18
6 маусым күні Түркістан облысы Төрткүл ауылында колледжде оқитын студент қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Колледж студентінің мәйіті табылды Сурет авторы: imperial-ritual.kz

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында", — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің нақты қандай бап бойынша тергеліп жатқаны айтылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар