$ 511.92 € 588.91 ₽ 6.44

Тоқаев Дональд Трампқа хат жолдады

Дулат Абдраманов
14 маусым 2025 09:05 9
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Дональд Трампқа хат жолдады

Мемлекет басшысы Трамптың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған ұстанымы үшін ризашылығын білдірді.

Президент жеделхатта Қазақстанның Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін нақтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа зор денсаулық және мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар