$ 511.77 € 593.19 ₽ 6.41

15 мың адам рақымшылық негізінде түрмеден босатылады

Дулат Абдраманов
11 маусым 2025 11:43 38
15 мың адам рақымшылық негізінде түрмеден босатылады Сурет авторы: ortcom.kz

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жарияланды. Бұл науқан заң бойынша жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін азаматтарды қамтиды.

Алдын ала есеп бойынша, рақымшылық 15 мың адамға қолданылмақ: оның 6 мыңы – түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, ал 9 мыңы – пробация қызметінің бақылауында жүргендер.

Заң аясында ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға да белгілі бір жағдайларда жеңілдік қарастырылған. Егер олар келтірілген материалдық шығынды өтесе, жаза мерзімінің бестен бірі қысқаруы мүмкін.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы 629 адам рақымшылыққа ілінеді. Оның 57-сі бостандыққа шығатын болса, қалған 572-сінің жаза мерзімі қысқартылмақ.

Айта кету керек, әрбір сотталушыға рақымшылық қолдану мәселесін сот жеке тәртіпте қарайды.

Соңғы жаңалықтар