Ұлыбританиядан Қазақстанға дейін: Құндылыққа негізделген көпір
Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесі тек қана ақпарат берумен шектеліп қалмауы тиіс. Ол адамның ішкі болмысын, мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұста SDU University мен Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің арасындағы жаңа ынтымақтастық — еліміздегі білім берудің жаңа деңгейге көтерілуінің нышаны десе болады. Бирмингем университеті – Ұлыбританиядағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. 2025 жылғы QS World University Rankings бойынша университет әлемдік деңгейде 84 орында тұр. Times Higher Education және Academic Ranking of World Universities (ARWU) рейтингтерінде де алғашқы 150 университеттің қатарына енген. Сондай-ақ, Бирмингем университеті – Russell Group деп аталатын Ұлыбританияның таңдаулы зерттеу университеттері альянсының мүшесі. Бұл топқа кіретін оқу орындары ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің сапасымен, оқыту әдістерімен және әлемдік ықпалымен ерекшеленеді. Университет тарихында 11 Нобель сыйлығының лауреаты тіркелген.
Құндылықтар — сапалы білімнің өзегі
SDU University Ректоры бастаған делегация жуырда Ұлыбританияға іс-сапармен барып, Бирмингем университетінің негізінде құрылған Jubilee Centre for Character and Virtues орталығының жұмысымен танысып қайтты. Бұл орталық — мінез, құндылықтар мен адами ізгіліктерді зерттеуге және оны қолданысқа енгізуге негізделген жаңашыл зерттеу кеңістігі. Аталған орталықтың басты мақсаты — адамзаттың кемелденуі үшін қажетті адами қасиеттерді (character) зерттеу мен дамыту. Jubilee орталығы тек теориялық зерттеумен шектелмей, білім саясаты мен тәжірибеге тікелей ықпал ететін жобаларымен танымал.
Екі университет арасындағы алтын көпір
SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінде Jubilee орталығының үлгісімен құндылықтарға негізделген білім беру бағыты бойынша зерттеу орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл — университет тарихындағы маңызды бетбұрыс болмақ.
Бұған дейін «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры да құндылықтар білімін дамыту мақсатында Бирмингем университетімен меморандумға қол қойған болатын. Осы орайда Қор өкілдері ұйымдастыруымен Қазақстанға арнайы сапармен келген Бирмингем университеті делегациясы SDU University тәжірибесімен танысып қайтқан. Қонақтар университетте академиялық-әлеуметтік бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берген еді.
Character Education дегеніміз не?
Қысқаша айтқанда, бұл — баланың академиялық жетістіктері ғана емес, оның мінез-құлқы, ішкі адамгершілік қасиеттері, өмірлік ұстанымы, жауапкершілігі мен жан-дүниесінің байлығы қатар дамытылатын жүйе. Еліміздегі озық мектептер тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлгенімен, бұл бағытта ғылыми зерттеулер мен жүйелі әдістеме жетіспейді. Ал батыста бұл салада нақты стандарттар, әдістемелер мен көрсеткіштер бар.
SDU университеті Jubilee орталығының тәжірибесін Қазақстанға бейімдеп, тереңдетуді мақсат етіп отыр.
Мухаммедали Ибрагимов, Әлеуметтік істер жөніндегі проректор, құндылыққа негізделген білім беру концепциясының авторлық ұжымның мүшесі:
«Jubilee орталығымен танысу бізге білім берудің терең мағынасы – адамның тұлғалық және моральдық болмысын қалыптастыру екенін еске салды. Character – бұл адамның ішкі тұтастығы, virtues – оны айқындайтын ізгі қасиеттер, ал values – сол қасиеттерге негізделген құндылықтар жүйесі. Jubilee орталығы character education-ді осы үш деңгейдің үйлесімді бірлігінде дамытып отыр. Біз бұл серіктестікті тек тәрбиелік бағыт емес, білім мен құндылықты ұштастыратын тұтас жүйе ретінде қабылдаймыз. SDU оқытушылары осы бағыттағы халықаралық курстар мен онлайн магистратураға қатысып, заманауи әдістемелерді меңгереді. Сонымен қатар, бірлескен зерттеулер мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру жоспарланған. Jubilee орталығымен меморандум – тек университетаралық байланыс емес, болашақ азаматтардың тұлғалық кемелденуіне жол ашатын, ұлттық білім жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам деп білеміз».
Қоғамдық жауапкершілік пен адами болмыс
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Тұрақты даму мақсаттары (SDG) аясында әлем елдері тек техникалық білімге ғана емес, адами құндылықтарды бойына сіңірген тұлғалар қалыптастыруға күш салуда. Мұндай азаматтар өз елімен қатар, бүкіл адамзаттың дамуына үлес қоса алады. Осы орайда SDU University-дің Jubilee орталығымен серіктестік орнатуы — халықаралық деңгейдегі маңызды стратегиялық шешім.
Бұл ынтымақтастық Қазақстанда Character Education саласында жүйелі өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Академиялық білімнің өзегіне адами құндылықтарды сіңіре отырып, біз келешекте рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, әділ әрі ізгі азаматтарды тәрбиелей аламыз.
Қазіргі уақытта SDU университетінің профессорлық оқытушылар құрамы Бирмингем университеті және Оксфорд университетімен бірлесіп құндылыққа негізделген білім бағыты бойынша ұйымдастырған халықаралық ғылыми конференцияға, кәсіби біліктілікті жетілдіру курстарына белсенді түрде қатысуда.
SDU University мен Бирмингем университеті арасындағы әріптестік — жай ғана академиялық келісім емес. Бұл — болашақ ұрпақты білімді болумен қатар, рухани бай, ізгі мінезді, шынайы азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған биік миссия. Тың бастама өз жемісін көп күттірмей беретініне сеніміміз мол.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын