$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Дулат Абдраманов
04 маусым 2025 11:51 194
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға Президент арнайы қатысты.
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, көк Ту биікке көтерілді.

Президент жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел үшін маңыздылығына тоқталды.

– Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады, – деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ көк Тудың халықаралық аренада да биік мәртебеге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның байрағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде тұр, отандық альпинистер әлемнің ең биік шыңдарына көтерсе, спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырында желбіретіп келеді.

Соңғы жаңалықтар