$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

1 млрд теңге қайда кетті? Qarmet компаниясында ірі ұрлық әшкере болды

Дулат Абдраманов
05 маусым 2025 19:53 26
1 млрд теңге қайда кетті? Qarmet компаниясында ірі ұрлық әшкере болды

Qarmet компаниясынан 1 миллиард теңгені жымқыру фактісі бойынша 14 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметінше, компанияның бұрынғы қызметкерлері мен мердігер ұйым өкілдері алаяқтық схема ұйымдастырған деген күдікке ілінді. Олардың арасында компанияның экс-директорлары да бар.

Күдіктілер өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуы тиіс болғанымен, оларды Теміртау маңындағы иесіз жерлерге заңсыз төгіп отырған. Бұл әрекеттер алдын ала келісілген және жүйелі түрде жүзеге асырылған деп болжанып отыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 4 адам қылмыстық жауапкершілік шеңберінде қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар