$ 507.8 € 580.82 ₽ 6.44

Ақмола облысында 300 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

Дулат Абдраманов
09 маусым 2025 16:52 24
Ақмола облысында тұрғын үй құрылысына бөлінген 300 млн теңгені жымқырған Атбасар ауданы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы және құрылыс компанияларының өкілдері сот үкімімен бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Ақмола облысында 300 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

Аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен тасқын қаупі бар аймақта тұратын 200 отбасы үшін үй салуға бөлінген.

Сот «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» компанияларының өкілдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерді аса ірі көлемдегі ұрлық және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды. Бірі 8 жыл 6 ай, екіншісі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар