$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
05 қазан 2026, 08:28
Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады

5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Циклон мен атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында қатты жаңбыр, ал солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын – жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет. 

Астанада күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +3…+5°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23–28 м/с-қа, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан жоғары жылдамдыққа жетеді. 

Алматыда түнде жаңбыр жауып, кей уақытта нөсерге ұласады. Күндіз де жаңбыр сақталады. Түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C. Желдің екпіні кей уақытта 15–18 м/с болады. 

Шымкентте түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +14…+16°C. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Елдің солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұман күтіледі. Орталықта да жаңбыр мен қар жауып, қатты жел соғады. Шығыста жауын-шашын күшейіп, кей аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. 

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Алматы облысының таулы жерлерінде температура түнде 0…+5°C, күндіз +3…+8°C шамасында болады.

Соңғы жаңалықтар