$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ирандағы наразылықтар: 3 мыңнан астам адам қаза тауып, жаппай өлім жазасы тоқтатылды

Редакция
19 қаңтар 2026, 09:40
Ирандағы наразылықтар: 3 мыңнан астам адам қаза тауып, жаппай өлім жазасы тоқтатылды Сурет авторы: REUTERS / Majid Asgaripour

АҚШ-та орналасқан құқық қорғау ұйымы 3090 адамның өлімін растады, оның ішінде 2885-і – наразылық білдірушілер.Reuters агенттігі хабарласқан бірнеше тұрғынның айтуынша, Тегеранда соңғы төрт күн салыстырмалы түрде тыныш болған.

Есімдерін атамауды өтінген тұрғындар қала үстінде дрондар ұшып жүргенін, бірақ бейсенбі және жұма күндері ірі наразылық нышандары байқалмағанын айтты.


Сонымен қатар NetBlocks мониторинг тобы елдегі 200 сағаттық интернет шектеуінен кейін, сенбі күні таңертең Ирандағы интернет байланысы деңгейінің «өте шамалы» көтерілгенін хабарлады. Мәлімет бойынша, байланыс деңгейі әдеттегі көрсеткіштің шамамен 2%-ын құрап отыр.


Шетелде тұратын бірнеше ирандық әлеуметтік желілерде сенбі күні таңертең Ирандағы қолданушылармен байланысқа шыға алғандарын жазды, деп атап өтті Reuters.


Алдында ғана, егер Иран наразылық білдірушілерді өлім жазасына кессе, «өте қатаң шаралар» қолданатынын айтып сес көрсеткен АҚШ президенті Дональд Трамп биліктің жаппай өлім жазасын тоқтатқанын мәлімдеді.

«Кешеге жоспарланған барлық дарға асу жазаларының (олардың саны 800-ден асады) Иран басшылығы тарапынан тоқтатылғанын терең құрметтеймін. Рахмет!» — деп жазды ол Truth Social желісінде.

Соңғы жаңалықтар