$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Disney балалардың жеке деректерін заңсыз жинағаны үшін 10 миллион доллар айыппұл төлейді

Редакция
31 желтоқсан 2025, 11:20
Disney балалардың жеке деректерін заңсыз жинағаны үшін 10 миллион доллар айыппұл төлейді Сурет авторы: Reuters

Walt Disney компаниясы YouTube желісіндегі кейбір бейнероликте балалардың құпиялылық туралы заңын бұзғаны үшін 10 миллион доллар көлемінде азаматтық айыппұл төлеуге келісті. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі хабарлады.

Әділет министрлігінің айыптауы бойынша, Disney YouTube-ке жүктелген кейбір видеоны «Балаларға арналған» (Made for Kids) деп дұрыс таңбаламаған. Бұл қателік Disney-ге және оның атынан әрекет ететін тұлғаларға 13 жасқа толмаған балалардан жеке мәліметтер жинауға және бұл ақпаратты мақсатты жарнама (targeted advertising) үшін пайдалануға мүмкіндік берген.

Қолданыстағы заң  бойынша, 13 жасқа толмаған балаларға бағытталған веб-сайттар мен қосымшалар ата-аналарға қандай ақпарат жиналатынын ескертуге және жинамас бұрын олардың келісімін алуға міндетті.

Сот шешіміне сәйкес, Disney айыппұл төлеп қана қоймай, алдағы уақытта YouTube-те балалардың құпиялылығын қорғау заңдарының қатаң сақталуын қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама құруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар