Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 14 млн теңге талап етті: сот шешімі шықты
Сурет авторы: Telegram/ Жоғарғы сот
Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекованың бұрынғы келіні Назым Қахарманға қарсы талабын ішінара қанағаттандырды. Сот Қахарманнан 6,6 млн теңгеден астам қаражат өндіру туралы шешім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы қарашада Нұрлыбекова Назым Қахарманға бір үй-жайды 2029 жылғы 31 қазанға дейін сенімгерлік басқаруға берген. Нұрлыбекова бұрынғы келіні нысанды жалға беруден табыс тапқанымен, одан түскен ақшаны өзіне бермегенін және растайтын құжаттармен толық есеп ұсынбағанын мәлімдеген.
Талапкер соттан Назым Қахарманның жеке кәсіпкерлігінен шарт талаптарын тиісінше орындамағаны үшін 14 074 771 теңге, мемлекеттік бажға жұмсалған 247 415 теңге және өкіл қызметіне төленген 800 мың теңгені өндіріп беруді сұраған. Ал жауапкер талап етілген соманың көлемі мен негізі дәлелденбегенін айтып, талапты қанағаттандырмауды өтінген.
Сот тараптар ұсынған құжаттарды, оның ішінде жалға алушылардан түскен қаражат, жасалған төлемдер мен есептер туралы мәліметтерді зерттеп, талапты ішінара қанағаттандырды.
Сот шешімі бойынша Назым Қахарманнан 6 665 391 теңге, 66 654 теңге мемлекеттік баж және 666 539 теңге өкіл қызметінің шығыны өндірілмек. Қалған талаптар қанағаттандырылған жоқ.
Сот өндірілетін соманы есептегенде жауапкердің қолына нақты түскені құжатпен расталған және кейін қайтарылмаған немесе сенімгерлік басқару шарты бойынша шығындарға жұмсалмаған қаражатты ғана ескерген.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған шағым берілуі мүмкін.
Биыл ақпанда Альмира Нұрлыбекова жәбірленуші ретінде танылған алаяқтық ісі бойынша да үкім шыққан еді. Іс материалдары бойынша Бекзат Кемелова Қуандық Бишімбаевтың соты кезінде ақша бұғатталып, тәркіленуі мүмкін екенін айтып, Нұрлыбековадан 990 мың долларды уақытша сақтауға алған. Кемелова 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылған.
Қуандық Бишімбаев 2024 жылғы 13 мамырда азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы азаптап, аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған.
Соңғы жаңалықтар
-
Google мен Microsoft-қа жол ашатын білім: SDU University АҚШ-пен жаңа серіктестік орнатты
21 минут бұрын
-
Қазақстан екі айға тауық жұмыртқасын сырттан әкелуге тыйым салды: шектеу кімдерге әсер етпейді?
37 минут бұрын
-
Құрылтайдың алғашқы Үкімет сағаты балаларға арналды: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асу барысы талқыланды
40 минут бұрын
-
Жеті миллион баланың тағдыры таразыға түсті: Құрылтайдың алғашқы Үкімет сағатында қандай мәселелер көтерілді?
1 сағат бұрын
-
WhatsApp арқылы «оңай табыс» ұсынғандардан сақ болыңыз: ІІМ алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті
1 сағат бұрын
-
Жарты миллионнан астам үй тексеріліп, 3,5 мың үй-күйсіз азамат анықталды: ІІМ рейд қорытындысын жариялады
1 сағат бұрын
-
16-21 қараша аралығында Алматының қай көшелерінде жарық сөнеді
1 сағат бұрын
-
Алматыда Ұлттық кітапхананың жұмыс уақытын 24:00-ге дейін ұзартты
1 күн бұрын
-
ДЕПУТАТТЫҢ КӨМЕГІМЕН ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ НЕСИЕ ТӨЛЕМІ АЗАЙТЫЛДЫ
2 күн бұрын
-
AI-Quryltai: ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
2 күн бұрын
-
Сот журналист Вадим Борейконы құрылыс компаниясына 43 млн теңге төлеуге міндеттеді
2 күн бұрын
-
Қазақстандағы медициналық колледждердің жартысы тексеріледі
2 күн бұрын
-
Енді рентген суреттерін бір дәрігерден бір дәрігерге тасып жүрудің қажеті жоқ: Алматыда бірыңғай жүйе құрылды
2 күн бұрын
-
Үлескерлер мәселесі қашан шешіледі: Ерлан Қошанов азаматтарды қабылдап, маңызды тапсырмалар берді
2 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын екі есе көбейтуге болады: ол үшін не істеу керек?
2 күн бұрын
-
Демалыс күндері Қазақстанның қай өңірінде қар жауып, қай аймағында күн жылынады?
2 күн бұрын
-
Алматы мен Астанадан Шарм-эш-Шейхке тұрақты рейстер ашылады: билет құны қанша?
2 күн бұрын
-
Қазақстан Өзбекстанға 500 киік бермек
2 күн бұрын
-
Жаңа қоғамдық этика қалай орнығады: Елордадағы жиында қандай өткір мәселелер көтерілді
2 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев шұғыл тапсырмалар берді
2 күн бұрын
-
Тазалық – күнделікті әдет: ШҚО-да 100-ге жуық жас Meet Up форматында бас қосты
2 күн бұрын
-
Арабша сөздер сәнге айналды ма? ҚМДБ діндарларға маңызды үндеу жасады
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтар әуе билеттеріне артық ақша төлеп жүрген жоқ па: Билет құны тексеріледі
2 күн бұрын
-
Астанада кешке дейін жол жабылады: тұрғындарға шұғыл ескерту жасалды
3 күн бұрын
-
Декреттегі аналардың зейнетақы қорына түсетін ақша 60%-ға азаяды
3 күн бұрын
-
Кірісі миллиардтан асса да, табысы азайды: Air Astana тоғыз айды шығынмен аяқтады
3 күн бұрын
-
Қауіпті әрекеттен сақтайтын білім: Өскемендегі университетте профилактикалық акция өтті
3 күн бұрын
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
3 күн бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
3 күн бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
3 күн бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
3 күн бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
3 күн бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
3 күн бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
3 күн бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
3 күн бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
3 күн бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
3 күн бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
4 күн бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
4 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
4 күн бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
4 күн бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
4 күн бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
4 күн бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
4 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
4 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
4 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
4 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
4 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
4 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
4 күн бұрын