$ 489.3 € 578.94 ₽ 6.38

YouTube істен шықты: Қолданушылардың жартысынан астамы мобильді қосымшаға кіре алмай отыр

Редакция
18 ақпан 2026, 10:08
YouTube істен шықты: Қолданушылардың жартысынан астамы мобильді қосымшаға кіре алмай отыр Сурет авторы: Inbusiness.kz

Дүниежүзі бойынша қолданушылар YouTube видеохостингінің жұмысындағы ірі техникалық ақауларға шағымдануда. Downdetector мониторинг сервисінің деректеріне сәйкес, 18 ақпан таңертеңгі уақытқа қарай сервистің іркілісіне қатысты 329 мыңнан астам хабарлама тіркелген, деп хабарлайды Downdetector.

Ең көп шағым АҚШ-тан түскен - 320 мыңнан астам. Платформаның талдауы бойынша, қолданушылар тап болған негізгі мәселелер мынадай:

  • 56% - мобильді қосымшаның дұрыс жұмыс істемеуі;
  • 18% - веб-сайтқа кірудің қиындауы;
  • 16% - видеоларды онлайн режимде (стриминг) көрудегі кедергілер.

Сондай-ақ YouTube-ке қолжетімділік Ұлыбритания (37 мыңнан астам шағым), Германия (шамамен 7 мың), Италия (5 мыңнан астам) және Франция елдерінде де шектелген.

Айта кетерлігі, соңғы күндері Google компаниясы жарнаманы бұғаттайтын (AdBlock) кеңейтілімдерді пайдаланатын қолданушыларға қарсы шараларын күшейткен. Android Authority мен Reddit мәліметінше, мұндай бағдарламалар қосулы тұрғанда видео астындағы сипаттамалар жоғалып, пікірлердің орнына «Пікір қалдыру өшірілген» деген ескерту шығады. Кеңейтілімді өшірген жағдайда интерфейс қайта қалпына келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін YouTube желісінде Солтүстік Кореядан хабар тарататын аномальді арна табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар