$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Йемендегі қайық апаты: 68 мигрант қаза тапты

Редакция
04 тамыз 2025, 10:19
Йемендегі қайық апаты: 68 мигрант қаза тапты Сурет авторы: Nariman El-Mofty/AP

Йеменнің Аден шығанағында Эфиопиядан шыққан мигранттарды тасымалдаған қайық суға батып, ірі қайғылы оқиға орын алды. БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, 68 адам қаза тауып, 74 адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды theguardian.com

Қайықта барлығы 154 адам болған, олардың тек 12-сі ғана тірі қалды. Құтқарушылар 54 мәйітті жағалаудан тапса, тағы 14 дене ауруханаға жеткізілді.

Халықаралық көші-қон ұйымы бұл апатты «Йемен арқылы өтетін ең қауіпті миграциялық бағыттағы трагедиялардың бірі» деп атады. Халықаралық ұйымдар аймақтағы көші-қон дағдарысына назар аударып, мигранттарды қорғауға арналған шұғыл шараларды қолға алуға шақырып отыр.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар