Владимир Зеленский: «Путин үшінші дүниежүзілік соғысты бастап жіберді»
Сурет авторы: The Namibian
Украина Президенті Владимир Зеленский Киевтегі үкімет резиденциясында BBC арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Ресеймен арадағы соғыс, аумақтық жеңілдіктер және АҚШ-пен қарым-қатынас туралы маңызды мәлімдемелер жасады.
Зеленскийдің пайымдауынша, Ресей Президенті Владимир Путин үшінші дүниежүзілік соғысты іс жүзінде бастап қойған. Украина басшысы Путиннің мақсаты тек Украинаны жаулап алу емес, бүкіл әлемге басқаша өмір салтын таңу екенін атап өтті.
«Мәселе оның қанша аумақты басып алатынында емес, оны қалай тоқтату керектігінде. Егер біз Путинді бүгін тоқтатпасақ, ол Украинамен шектелмейді. Сондықтан Украинаның жеңісі - бүкіл әлемнің жеңісі», - деді Президент.
Зеленский Ресей басып алған Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының бір бөлігін беру арқылы соғысты тоқтату туралы ұсыныстарға үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол бұл қадамды жай ғана «жер беру» емес, сол жерде тұратын жүз мыңдаған адамдарды тағдыр тәлкегіне тастау және қоғамды іштей іріту деп санайды.Президенттің пікірінше, кез келген уақытша бітім Путинге тек күш жинап, соғысты қайта бастау үшін қажет.
АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамптың әскери көмекті тоқтатуына қарамастан, Зеленский Вашингтонмен стратегиялық байланысты үзбеуге тырысуда. Ол Украина үшін АҚШ-тағы президенттердің ауысуына қарамастан күшін жоймайтын, Конгресс арқылы бекітілген ұзақ мерзімді қауіпсіздік кепілдіктерінің маңыздылығын атап өтті.
«Президенттер өзгереді, бірақ институттар қалады. Бізге 30 жылға жететін кепілдіктер қажет», - деді ол.
Зеленский АҚШ-тың Украинада жазға дейін президенттік сайлау өткізу туралы талабына қатысты пікір білдірді. Ол сайлау өткізу техникалық тұрғыдан мүмкін екенін, бірақ ол үшін алдымен Украинаның қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі және заңнамалық өзгерістер енгізілуі керектігін айтты.
Сондай-ақ, Президент серіктестерінің Украинаға Patriot секілді әуе қорғанысы жүйелерін өз елінде шығаруға лицензия бермей отырғанына қынжылыс білдірді.
Сұхбат соңында Владимир Зеленский Украинаның жеңісі - елдің тәуелсіздігін сақтап қалу және 1991 жылғы шекараға қайта оралу екенін мәлімдеді.
«Бұл тек уақыт мәселесі. Біз өз жерімізді қайтарамыз, бірақ ол үшін әріптестеріміздің әскери және экономикалық қолдауы ауадай қажет», - деп түйіндеді Украина Президенті.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын