Үндістанның “ең таза қаласында” кемінде он адам лас су ішіп қайтыс болды
Сурет авторы: John Stanmeyer
Үндістанның соңғы сегіз жыл қатарынан «ең таза қаласы» атанған Индор қаласында ауызсуға кәріз суларының араласуы салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында бес айлық сәби де бар. Тағы 270-тен астам тұрғын ауруханаға жеткізілген. Бұл жөнінде The Guardian хабарлады.
Қаланың тығыз орналасқан, әлеуметтік жағдайы төмен аудандарының бірінде тұратын тұрғындар бірнеше ай бойы краннан жағымсыз иіс шығатынын айтып, билікке шағымданған. Алайда бұл ескертулер елеусіз қалған. Соған қарамастан, Индор қоқысты бөлек жинау мен тазалық көрсеткіштері бойынша елде үздік қала ретінде бағаланып келген.
Қала мэрі Пушьямитра Бхаргава Бхагиратхпура ауданында ластанған судан туындаған іш өту індеті салдарынан 10 адамның қайтыс болғанын растады. Оның айтуынша, кәріз сулары су қоймасынан келетін негізгі құбырға араласқан. Жергілікті БАҚ қаза тапқандар саны 15-ке жеткенін жазғанымен, бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Қазіргі уақытта 32 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Мадхья-Прадеш штатының бас министрі Мохан Ядавтың мәлімдеуінше, медицина қызметкерлері үй-үйді аралау барысында 2 456 «күдікті науқасты» анықтаған. Оларға алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетілген.
Билік өкілдерінің алдын ала мәліметінше, ауызсу құбырының үстіне септиксіз салынған қоғамдық дәретхана кәріз суларының су жүйесіне сіңуіне себеп болған. Ауруханаларға түскен тұрғындар құсу, іш өту және жоғары температура белгілеріне шағынған.
Су сынамалары адам қалдықтары бар кәріз суында кездесетін патогенді бактериялардың барын растаған. Тұрғындардың айтуынша, олардың шағымдары ұзақ бюрократиялық рәсімдерге тіреліп, нақты шешім қабылданбаған.
Муниципалдық кеңес мүшесі Камал Вагхеланың пікірінше, бұл жағдай қызметтік міндеттерді өрескел орындамаудың айқын көрінісі. Тергеу басталғаннан кейін бірнеше қалалық шенеунік қызметінен уақытша шеттетілді.
Қайтыс болған бес айлық сәбидің әкесі Сунил Саху баласын бөтелкемен кран суын пайдаланып тамақтандырғанын айтты. Оның сөзінше, судың ластанғаны туралы ешқандай ескерту болмаған, ал сүзгіден өткізілген су бүкіл ауданда бірдей пайдаланылған.
Оқиғаға байланысты үнді басылымдары су қауіпсіздігі мен экологиялық заңдарды қатаң орындау қажеттігін атап өтті. Оппозиция өкілі Рахул Ганди штат билігін салғырттыққа айыптап, «таза су – биліктің сыйы емес, өмір сүру құқығы» екенін мәлімдеді.
Үкімет мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін жаңа ережелер әзірленетінін хабарлады. Индордағы жағдай ел бойынша ауызсу қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Сарапшылар урбанизация үдерісі күшейген сайын су сапасын бақылаудағы олқылықтар індеттердің таралу қаупін арттыратынын ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын