$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Украина дрондарға қарсы мамандарын Таяу Шығысқа аттандырды

Абдрахманов Мағжан
18 наурыз 2026, 12:16
Украина дрондарға қарсы мамандарын Таяу Шығысқа аттандырды Сурет авторы: АР

Украина Таяу Шығыс елдеріне дрондарға қарсы күрес бойынша әскери сарапшыларын жіберді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания парламентінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 201 маман өңірдің негізгі нүктелеріне орналастырылған. Атап айтқанда, олар Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясында жұмыс істеп жатыр. Тағы 30-дан астам сарапшы Кувейтке жіберілмек.

Украиналық мамандарды жіберу АҚШ пен батыс одақтастарының сұранысына жауап ретінде жүзеге асқан. Бұл бастама «дрондар жөніндегі келісім» аясында қолға алынған. Киевтің айтуынша, Украина соғыс барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы күресте айтарлықтай тәжірибе жинақтаған.

Сарапшылардың негізгі міндеті – Парсы шығанағындағы шиеленістің күшеюі жағдайында серіктес елдердің әуе қорғанысын күшейту және стратегиялық нысандарды қорғауға көмектесу.

Бұған дейін, 5 наурызда Владимир Зеленский АҚШ тарапынан Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолдау көрсету туралы сұраныс түскенін хабарлаған. Кейін Украина Иорданиядағы америкалық әскери базаларды қорғау үшін дрон-перехватчиктер мен арнайы топтар жібергені белгілі болды.

Киев бұл қадамды өз әскери тәжірибесін халықаралық деңгейде қолдану және қауіпсіздік саласындағы әріптестікті кеңейту ретінде бағалап отыр.

 
 

Соңғы жаңалықтар