$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Түркиядағы жойқын дауыл портта тұрған кемелерді қиратты (ВИДЕО)

Редакция
09 қаңтар 2026, 10:22
Түркиядағы жойқын дауыл портта тұрған кемелерді қиратты (ВИДЕО) Сурет авторы: AP photo

Бейсенбі күні Стамбулда жылдамдығы сағатына 90 шақырымға дейін жеткен жойқын дауылмен нөсер жаңбыр орын алды. Түркия метеорологтары елдің 63 провинциясында «сары» деңгейдегі қауіп жариялап, табиғи апаттың салдарынан бірқатар паром бағыттары тоқтатылды, деп хабарлайды ria.ru.

Бүгін, жұмадан бастап қалада ауа температурасы күрт төмендеп (+15°C-тан +7°C-қа дейін), биік аймақтарда көктайғақ пайда болды. Билік өкілдері көлік қозғалысындағы іркілістер, ағаштар мен бағандардың құлау қаупі туралы ескерту жасады. Алдағы күндері мегаполисте қар жаууы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар