$ 489.39 € 567.99 ₽ 6.19

Трамп «жеңдік» деді, бірақ соғыс ушығып барады: мұнай бағасы тағы өседі

Редакция
12 наурыз 2026, 09:50
Трамп «жеңдік» деді, бірақ соғыс ушығып барады: мұнай бағасы тағы өседі Сурет авторы: huffpost.com

Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісіп барады. Иран Ирак су айдынында екі мұнай танкеріне шабуыл жасап, оларды өртке орады. Сарапшылар бұл әрекет аймақтағы мұнай және көлік инфрақұрылымына жасалған соққылардың күшейгенін көрсететінін айтады.

Қақтығыс шамамен екі апта бұрын АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе соққыларынан кейін басталған. Қазірдің өзінде соғыс салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза тапқан. БҰҰ Балалар қорының мәліметінше, 1100-ден астам бала қаза тапқан немесе жараланған.

Иран әскери басшылығы мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон бұл соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Қақтығыс мұнай нарығына да әсер етті. Апта басында мұнай бағасы 120 долларға дейін өсіп, кейін шамамен 90 долларға түсті. Алайда жаңа шабуылдардан кейін баға тағы 5 пайызға көтерілді.

Әзірге әлем мұнайының шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы жабық күйінде қалып отыр. Осыған байланысты Халықаралық энергетикалық агенттік нарықты тұрақтандыру үшін әлемдік стратегиялық қорлардан 400 млн баррель мұнай шығаруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар