$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Трамп пен Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату жоспарын мақұлдады

Абдрахманов Мағжан
30 қыркүйек 2025 11:38 239
Трамп пен Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату жоспарын мақұлдады Сурет авторы: Bloomberg

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ақ үйде келісіп, Ғаза секторы бойынша жаңа бейбітшілік жоспарын мақұлдады. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлады.

Жоспар 21 негізгі тармақтан тұрады. Оның басты талаптары мыналар: Ғаза «террордан және радикализмнен босатылған» аймаққа айналуы тиіс; 72 сағат ішінде барлық тұтқындар — тірілері де, қаза болғандарының денелері де Израильге қайтарылуы керек; әзірге кезең-кезеңімен Израиль әскерінің шегінуі қарастырылған; ХАМАС-тың дәліздері, өндірістік нысандары мен әскери инфрақұрылымы жойылуы тиіс. Палестиналықтар Ғазада тұру құқығын сақтайды.

Трамп келісімді «цивилизация тарихындағы ең ұлы күндердің бірі» деп атап, бейбіт келісім «өте жақын» екенін айтты. Ол сондай-ақ жоспарды әзірлеуге араб және мұсылман елдерінің де қатысқанын, олар Ғазаны «демилитаризациялауға» жылдам қолдау көрсетуге уәде еткенін жеткізді.

Нетаньяху ұсынысты қолдағанымен, егер ХАМАС оны қабылдамаса немесе орындамаса, Израиль «өз ісін аяқтайтынын» айтты.

Соңғы жаңалықтар