$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Трамп: «Microsoft пен Google үндістандықтарды жұмысқа алуды тоқтатуы керек»

Редакция
04 тамыз 2025 10:41 277
Трамп: «Microsoft пен Google үндістандықтарды жұмысқа алуды тоқтатуы керек» Сурет авторы: The Hindu

2025 жылдың 23 шілдесінде Вашингтонда өткен ЖИ (жасанды интеллект) саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп Microsoft пен Google сынды алпауыт технологиялық компанияларды үндістандық мамандарды жұмысқа қабылдауды тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе америкалық азаматтардың жұмыссыз қалуына әсер етіп жатыр.

Трамп өз сөзінде бұл компаниялардың шетелдік, әсіресе үнді мамандарға артықшылық беруін сынға алып, америкалық кадрларды бірінші орынға қою қажеттігін мәлімдеді. Ол аутсорсинг арқылы Үндістанға берілетін жұмыстар мен H-1B визасы арқылы келген мамандардың саны АҚШ-тың еңбек нарығына кері әсер етіп жатқанын атап өтті.

2024 жылы H-1B визасы бойынша мақұлданған өтініштердің 74%-ы үндістандық мамандарға тиесілі болған. Осы деректерді мысалға келтірген Трамп бұл көрсеткішті Америка жұмыс күшін елемеудің көрінісі ретінде бағалады.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар