$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

Тағы да вирус, тағы да Қытай: Әлемдік пандемия қайталануы мүмкін бе?

Абдрахманов Мағжан
06 тамыз 2025 15:25 368
Тағы да вирус, тағы да Қытай: Әлемдік пандемия қайталануы мүмкін бе? Сурет авторы: VCG

Қытайдың Гуандун провинциясында маса арқылы таралатын чукунгунья вирусын жұқтырудың 7 мыңнан астам дерегі анықталды. Билік індеттің таралуын тежеу үшін бірқатар шараны қолға алды.

Атап айтқанда, вирусты тарататын ұсақ масаларды жоятын ірі «піл масалар» мен маса жейтін балықтар жіберіліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға үйлеріндегі тұрып қалған суды жою міндеттелді. Бұл талап орындалмаса, 10 мың юаньға (шамамен 750 000 теңге) дейін айыппұл салынады.

Індеттен ең қатты зардап шеккен Фошань қаласында чукунгуньяға шалдыққан науқастар міндетті түрде ауруханада емделеді. Науқастардың төсектері масадан қорғау үшін арнайы торлармен жабдықталады.

Соңғы жаңалықтар