$ 537.91 € 628.87 ₽ 6.6

Стамбұлда жаппай наразылық акциялары өтті

Абдрахманов Мағжан
08 қыркүйек 2025 09:52 157
Стамбұлда жаппай наразылық акциялары өтті Сурет авторы: ашық дереккөзден

Стамбұлда соттың шешімімен Республикалық халық партиясының қалалық бөлімшесінің басшылығын қызметінен шеттетуінен кейін жаппай толқулар басталды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Сот шешіміне қарсылық білдірген жүздеген адам партияның штаб-пәтері алдына жиналып, полициямен қақтығыстар болды. Оппозиция жетекшісі Өзгүр Өзел жақтастарын «біртұтас майдан болып» партияны қолдауға шақырды.

Полиция ғимаратты қоршауға алып, наразылар тосқауылды бұзуға әрекеттенген. Қазірге дейін зардап шеккендер мен ұсталғандар жайлы мәлімет жоқ.

Сонымен қатар қала губернаторының әкімшілігі 7–10 қыркүйек аралығында Бейоғлу, Еюпсултан, Кағытхане, Сарыер және Шишли аудандарында митингілер мен жиналыстар өткізуге тыйым салды.

РХП бірнеше айдан бері билік тарапынан жүйелі қысымға ұшырап отырғанын мәлімдеп келеді. Алдағы 15 қыркүйекте сот отырысы өтіп, онда партия жетекшісі Өзгүр Озелдің де қызметінен кету мәселесі қаралуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар