$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Швейцариядағы жойқын өрт: Шампан шашуы 40 адамның өмірін қиды

Редакция
03 қаңтар 2026, 14:30
Швейцариядағы жойқын өрт: Шампан шашуы 40 адамның өмірін қиды Сурет авторы: BBC

Швейцарияның Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы барда Жаңа жыл түні болған алапат өрттің себебі белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға шампан шөлмектеріне бекітілген отшашулар (бенгаль шамдары) себеп болған, деп хабарлайды BBC.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, мерекелік кеш кезінде шампан шөлмектерін жоғары көтергенде, оның ұшқындары төбеге тым жақын тиіп, соның салдарынан ғимарат санаулы минуттарда отқа оранған. Бұл қайғылы оқиғадан 40 адам қаза тауып, 119 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Зардап шеккендердің басым бөлігі — Швейцария, Франция, Италия және Сербия азаматтары.

Олардың ішінде 19 жастағы футболшы Тахирис Дос Сантос пен 16 жастағы суретші Акилле Бароси де бар.
Куәгерлердің айтуынша, қою түтін мен оттың жылдамдығы адамдардың қашуына мүмкіндік бермеген. 9 қаңтарда Швейцарияда ұлттық аза тұту рәсімі өтеді. Кінәлілер анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар