$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Швецияда сәбиін вегетариандық диетаға мәжбүрлеген ата-ананы түрмеге жіберген

Редакция
27 қараша 2025, 17:59
Швецияда сәбиін вегетариандық диетаға мәжбүрлеген ата-ананы түрмеге жіберген Сурет авторы: flickr

Швецияның Гетеборг қаласында сот кішкентай қызын тек көкөніс пен ананың сүтімен тамақтануға мәжбүрлеген ата-ананы үш айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Dagens Nyheter.

Бұл іс 2019 жылы болған. Сол жылы бір жарым жастағы қыз аса ауыр халде ауруханаға түскен. Оның салмағы небәрі алты килограмм болған, ал бұл жас шамасындағы балалар үшін қалыпты норма – кемінде тоғыз килограмм.

Дәрігерлер қатты арықтау мен В12 дәруменінің өткір жетіспеушілігін анықтаған. Тергеу кезінде ата-анасы баланы тек анасының сүтімен және көкөністермен ғана тамақтандырғанын, ешқандай дәрумендік қоспа бермегенін мойындаған.

Отбасы қоғамнан оқшау өмір сүріп, мемлекеттік органдармен байланыс орнатпаған, тіпті баланы дүниеге келгеннен кейін тіркемеген.

Сот ата-ананың әрекетін баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген деп таныған.

Соңғы жаңалықтар