$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

ШҰҒЫЛ ЖАҢАЛЫҚ: Индонезия мешітінде жарылыс болып 54 адам жапа шекті (ВИДЕО)

Редакция
07 қараша 2025 16:13 461
Индонезия астанасы Джакартадағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды QRnews.kz агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
ШҰҒЫЛ ЖАҢАЛЫҚ: Индонезия мешітінде жарылыс болып 54 адам жапа шекті (ВИДЕО) Сурет авторы: Ашық дереккөз

Ресми мәліметтерге сәйкес, жарылыс әдейі жасалған болуы мүмкін. Полиция бұл оқиғаны ықтимал лаңкестік шабуыл ретінде қарастырып отыр. Күдікті ретінде 17 жастағы жасөспірім ұсталған.

Елдің парламент төрағасының орынбасары Суфми Даско Ахмад ауруханаға барғаннан кейін журналистерге берген мәлімдемесінде күдіктінің қазір ота үстелінде жатқанын айтты.

Полицияның дерегінше, жарылыстан 50-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Олардың арасында жеңіл жарақат алғандар да, күйік шалған ауыр халдегі науқастар да бар. Оқиға мектеп кешенінде орналасқан мешітте болған.



Соңғы жаңалықтар