$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды

Абдрахманов Мағжан
29 желтоқсан 2025, 11:43
Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды Сурет авторы: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды.

Президент жарлығына сәйкес, Алмазбек Атамбаев келесі мемлекеттік наградаларынан айырылды:
– «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі айрықша атағы;
– II дәрежелі «Манас» ордені;
– «Данакер» ордені;
– «Данк» медалі.

Сондай-ақ Атамбаевты марапаттау туралы бұрын қабылданған президенттік жарлықтардың күші жойылды. Атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары шығарылған құжаттар негізінде берілген барлық мемлекеттік награда мен жоғары дәрежелі айрықша атақ жарамсыз деп танылды.

Жарлыққа сәйкес, Алмазбек Атамбаевқа тиесілі мемлекеттік наградалар Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградалар қорына тапсырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар