$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Римде Треви фонтанына кіру ақылы болмақ

Редакция
22 желтоқсан 2025, 11:44
Римде Треви фонтанына кіру ақылы болмақ Сурет авторы: mytravelry

Рим билігі Италияның әйгілі Треви фонтанына кіру үшін 2 еуро ақы енгізуді шешті. 1 ақпаннан бастап туристер фонтанға жақындағысы келсе, билет сатып алуы тиіс, ал Рим тұрғындары мен алыстан қарау үшін ақы алынбайды, деп хабарлады Tengri Travel. Мэр Роберто Гуальтьери бұл қадамды туристік ағынды реттеу, ескерткішті қорғау және келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында жасалғанын айтты.

Фонтанды күніне орташа есеппен 30 мың адам, ал шектеулі кезеңдерде 70 мыңға дейін қарайды. Ақылы кіруді енгізуге дайындық аясында қоршаулар жаңартылады, келушілер қозғалысы реттеледі.

Ақылы кіру тек фонтанға емес, сондай-ақ Вилла Максенция, Наполеон музейі, Карло Билотти, Билотти және Каноника музейлеріне де қолданылады. Рим тұрғындары, мүгедектер және 5 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.

Треви фонтанының тарихы 1640 жылдан басталады. Қазіргі заманауи көрінісі сәулетші Николо Сальви жобасына сәйкес жасалған.  Дәстүр бойынша монетаны лақтырып тілек тілеу әлі де сақталған.

Жиналған қаражат қайырымдылыққа, тегін асханалар мен үйсіздерге жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар