$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ресейде WhatsApp-та техникалық ақаулар көбейді

Редакция
23 желтоқсан 2025, 12:10
Ресейде WhatsApp-та  техникалық ақаулар көбейді Сурет авторы: anti-malware.ru
Ресейлік пайдаланушылар WhatsApp мессенджерінде хабарламаларды жібере алмай, хабарламалар дұрыс келмей, мобильді қосымша мен сайтта ақаулар туындап жатқанын хабарлап отыр. «Сбой.рф» деректері бойынша, соңғы тәулікте 1,6 мың шағым түскен, олардың басым бөлігі Мәскеуден. Downdetector платформасы да бұл проблеманы растайды.
 
Тамыз айынан бастап Роскомнадзор WhatsApp-тағы дауыстық қоңырауларға шектеу енгізді, ал қазан айында қосымша ішінара шектеулер пайда болды. Роскомнадзор мәлеметінше, бұл шаралар алаяқтық қоңыраулардың санын бір ай ішінде 40%-ға төмендетті.
 
Дегенмен WhatsApp Ресейде жеке және қызметтік хат алмасу үшін кеңінен қолданылады. Қараша айында Роскомнадзор платформа ресейлік заңдарды бұзуды жалғастырып отырғанын айтып, егер талаптарды елемесе, оны толықтай бұғаттауға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар