$ 494.28 € 587.06 ₽ 6.4

Ресейде WhatsApp пен YouTube толықтай бұғатталды

Редакция
12 ақпан 2026, 09:59
Ресейде WhatsApp пен YouTube толықтай бұғатталды Сурет авторы: tsn.ua

Ресей билігі елдегі ақпараттық кеңістікті бақылауды күшейту мақсатында кезекті қатаң шектеулерді енгізді. YouTube видеохостингінен кейін танымал WhatsApp мессенджерінің жұмысы толықтай тоқтатылды. Бұл туралы Стратегиялық коммуникациялар және ақпараттық қауіпсіздік орталығы хабарлады.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, сервистің домені «Роскомнадзордың» DNS-серверлерінен және Ресейдің ұлттық домендік атаулар жүйесінен (НСДИ) өшірілген.

Жергілікті интернет-провайдерлер домендік атауды IP-мекенжаймен сәйкестендіре алмайды. Бұл мессенджердің VPN-сіз жұмыс істемеуіне әкеп соқты. Жүйеден whatsapp.com және web.whatsapp.com домендері жойылған. Дегенмен техникалық whatsapp.net домені мен wa.me қысқа сілтемелері әзірге тізімде қалып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, WhatsApp-ты бұғаттау - пайдаланушыларды «Max» деп аталатын ресейлік жаңа мессенджерге ауысуға мәжбүрлеудің бір тетігі.

Стратегиялық коммуникациялар орталығының мәлімдеуінше, «Max» сервисі жергілікті арнайы қызметтердің толық бақылауында. Билік бұл қадамды «азаматтардың қауіпсіздігі үшін» деп түсіндіргенімен, іс жүзінде бұл толық цифрлық бақылау орнатуды көздейді.

Бұған дейін Ресейде «алаяқтық қоңыраулармен күрес» деген желеумен WhatsApp пен Telegram-дағы дауыстық қоңырауларға тыйым салынған болатын. Сондай-ақ, Ресейлік диктаторлық режимнің шешімімен YouTube сервисіне де шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар