$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Павел Дуров өзінен бала сүйгісі келетін әйелдердің ЭКО шығынын төлеуге дайын

Редакция
25 желтоқсан 2025, 10:43
Павел Дуров өзінен бала сүйгісі келетін әйелдердің ЭКО шығынын төлеуге дайын Сурет авторы: TechCrunch / Pavel Durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров одан бала сүйгісі келетін әйелдерге экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасының барлық шығынын өтеуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Басылымның мәліметінше, бағдарламаға қатысатын әйелдердің басы бос болуы және жасы 37-ден аспауы тиіс. Дуров бұл бастаманы Мәскеудегі жеке клиникалардың бірімен бірлесіп іске қосқан. Аталған медициналық мекеменің сайтында Павел Дуровтың донорлық биоматериалы қолжетімді екені де көрсетілген.

Басылым дерегінше, болашақта Дуров өзінің биологиялық балаларын мұрагер ретінде тануы мүмкін. Мұндай қадам, болжам бойынша, шамамен 30 жылдан кейін жүзеге асуы ықтимал.

Forbes журналының бағалауынша, Павел Дуровтың қазіргі байлығы 17 млрд долларға жуық.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дуров ұзақ жылдар бойы сперма донорлығымен айналысқанын және осы арқылы 100-ден астам биологиялық баланың әкесі атанғанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар