$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Парижде тағы да ұрлық: Алаяқ 150 мың еуроның сапфирін қолды қылды

Редакция
25 желтоқсан 2025, 10:28
Парижде тағы да ұрлық: Алаяқ 150 мың еуроның сапфирін қолды қылды Сурет авторы: lire Le journal

Париждің қақ ортасында қылмыскер зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасап,  құны 150 000 еуро тұратын бағалы сапфир тасын ұрлап кетті, деп хабарлайды lire Le journal.

Дүйсенбі күні таңертең сағат 10:00 шамасында Париждің 10-шы округіндегі Абвиль көшесінде екі курьер зергерлік дүкенге тауар жеткізу үшін көліктерін тұраққа қойған. Сол сәтте жүк көлігінің тасасында жасырынып тұрған қарулы адам оларға тұтқиылдан шабуыл жасаған.

Ұры ішінде алтын мен зергерлік бұйымдары бар 5 қапшықты тартып алған. Париж прокуратурасының мәліметінше, ұрланған заттардың жалпы құны 160 000 еуроны құрайды. Ең сорақысы — сол ұрланған заттың ішінде жалғыз өзі 150 000 еуро (шамамен 80 миллион теңгеден астам) тұратын өте сирек сапфир тасы болған.

Соққы алған курьер ауруханаға жеткізілді.

Полиция бұл іспен арнайы бұзақылықпен күрес бөлімі айналысып жатқанын хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, ұры курьерлердің жүретін жолы мен қапшықта не барын алдын ала нақты білген. Қазіргі уақытта қылмыскер де, бағалы сапфир де әлі табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар