$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Өзбекстанға келген палестиналықтар үшін арнайы қор құрылатын болды

Сапарғали Қанат
15 тамыз 2025 11:26 262
14 тамыз күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев “Өзбекстандағы бір топ палестиналық азаматтарға мемлекеттік қамқорлық пен мейірім-шапағат қағидаттары негізінде көмек көрсету жүйесін жолға қою шаралары туралы” жарлыққа қол қойды.
Өзбекстанға келген палестиналықтар үшін арнайы қор құрылатын болды

Құжатқа сәйкес, палестиналықтарға қолдау көрсету мақсатында Экономика және қаржы министрлігінің ұсынысы негізінде заңды тұлға мәртебесінсіз арнайы қор құрылады.

Арнайы қордың қаржыландыру көздері:

  • жеке және заңды тұлғалардың демеушілік қайырымдылықтары;

  • халықаралық ұйымдардың гранттары және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер;

  • қордың уақытша бос қаражатын коммерциялық банктердегі депозиттерге орналастырудан түскен пайыздық табыс.

Қордың қаражаты Өзбекстанға әкелінген палестиналықтардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Атап айтқанда:

  • қажетті жағдай жасау және тиісті қызметтерді ұйымдастыру;

  • әртүрлі шығындарды өтеу және қолдау шараларын жүзеге асыру;

  • материалдық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау іс-шараларын өткізу.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, қордың қаржысын бөлу және шығын бағыттарына өзгерістер енгізу Республика комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар тарапынан тегін берілген жылжымайтын мүлік пен көліктер жергілікті әкімдіктердің балансына өткізіліп, Республика комиссиясының қарауына беріледі.

Дереккөз және фото: qalampir.uz

Соңғы жаңалықтар