$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

«Өз бастарың үшін қауіпті»: Трамп ирандық футболшыларға ескерту жасады

Редакция
13 наурыз 2026, 09:31
«Өз бастарың үшін қауіпті»: Трамп ирандық футболшыларға ескерту жасады Сурет авторы: Zakon.kz

АҚШ, Канада және Мексикада өтетін биылғы футболдан Әлем чемпионаты бастау алмай жатып, үлкен саяси даудың ортасында қалды. Дональд Трамп Иран құрамасының турнирге қатысуын «орынсыз» деп атап, футболшылардың қауіпсіздігіне күмән келтірді.

«Иран құрамасының чемпионатқа қатысуға құқығы бар, бірақ олардың онда болуы орынсыз деп есептеймін. Бұл, ең алдымен, олардың өз өмірі мен қауіпсіздігі үшін маңызды», – деп жазды АҚШ президенті Truth Social желісінде.

Бұл мәлімдеме Иранның спорт министрі Ахмад Доньямалидің команданың турнирге бармайтыны туралы айтқан сөзінен кейін шығып отыр. Егер бұл ақпарат расталса, «G» тобындағы Бельгия, Мысыр және Жаңа Зеландия құрамаларының қарсыласы өзгеруі мүмкін. Әзірге ФИФА тарапынан ресми шешім шыққан жоқ, бірақ футбол әлеміндегі жағдай өте шиеленісті.

Соңғы жаңалықтар