$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Оңтүстік Кореяда хакерлер 120 мың камераны бұзып, интим видеоларды интернетке жүктеген

Редакция
01 желтоқсан 2025 15:44 117
Оңтүстік Кореяда хакерлер 120 мың камераны бұзып, интим видеоларды интернетке жүктеген Сурет авторы: Getty Images

Оңтүстік Кореяда төрт адам үй және жұмыс орындарындағы 120 000-нан астам видеокамераны хакерлегені үшін ұсталды. Күдіктілер алынған кадрларды шетелдік сайтқа заңсыз түрде жыныстық мақсатта жүктеген, деп хабарлайды BBC

Полиция хабарлағандай, олар IP камералардың қарапайым парольдері мен осал тұстарын пайдаланып, материалдарды жасап, сатқан. Кейбір күдіктілер жүздеген бейне жасаған, кейбіреулері миллиондаған вондық виртуалды активке сатқан.

Хакерленген камералар жеке үйлер, караоке бөлмелері, Pilates студиясы және гинеколог клиникасын қамтиды. Полиция тергеу жүргізіп, сайт операторын анықтау үшін шетелдік агенттіктермен бірлесіп жұмыс жасауда.

Құрбандарға материалдарды жоюға және паролдерін өзгертуге көмек көрсетілуде. Полиция тұрғындарға IP камераларды үнемі қадағалап, кіру паролдерін тұрақты түрде өзгертіп отыруды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар