$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Қытай балаларды қорғау үшін жасанды интеллектке бақылауды күшейтеді

Редакция
30 желтоқсан 2025, 12:09
Қытай балаларды қорғау үшін жасанды интеллектке бақылауды күшейтеді Сурет авторы: Getty Images

Қытайдың Киберкеңістік әкімшілігі (CAC) жасанды интеллект (ЖИ) саласына арналған қатаң ережелер жобасын жариялады. Жаңа талаптардың басты мақсаты - чат-боттардың балаларға өзіне-өзі зиян келтіру, зорлық-зомбылық немесе құмар ойындарға қатысты кеңес бермеуін қамтамасыз ету,деп хабарлайды BBC.

Жаңа ережелердің негізгі тармақтары:

  • Қамқоршы бақылауы: ЖИ компаниялары балалар үшін қолдану уақытына шектеу қоюға және эмоционалды қызметтер ұсыну үшін ата-ананың келісімін алуға міндеттеледі.
  • Төтенше жағдайлар: Егер сөйлесу кезінде суицид немесе суицидке бейімділік байқалса, чат-боттың орнына дереу маман (адам) араласып, пайдаланушының жақындарына хабарлауы тиіс.
  • Мемлекеттік мүдде: ЖИ арқылы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін немесе мемлекет беделін түсіретін ақпарат таратуға қатаң тыйым салынады.

Биыл қытайлық DeepSeek, Z.ai және Minimax сияқты ЖИ өнімдерінің танымалдығы әлемдік деңгейде артқан болатын. Осыған байланысты, Қытай билігі технологияны қауіпсіз әрі пайдалы арнаға бағыттау үшін осындай қадамдарға барып отыр.

Соңғы жаңалықтар