$ 490.58 € 584.77 ₽ 6.34

Қысқы Олимпиададағы дау: Оңтүстік Корея спортшылары неге шеттетілді?

Редакция
11 ақпан 2026, 11:21
Қысқы Олимпиададағы дау: Оңтүстік Корея спортшылары неге шеттетілді? Сурет авторы: Getty images

Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан бақ сынаған оңтүстіккореялық қос спортшы құрал-жабдықтарынан тыйым салынған балауыз (май) түрі табылғандықтан, жарыс жолынан шеттетілді, деп хабарлайды BBC.

Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) мәлімдемесіне сәйкес, Хан Дасом мен Ли Эи Джин әйелдер арасындағы классикалық спринттің іріктеу кезеңінен дисквалификацияланды. Тексеріс барысында олардың шаңғыларынан фторлы қоспаның (fluor) бар екені анықталған.

Фторлы шаңғы балауызына FIS тарапынан 2023-2024 жылғы маусымнан бастап ресми түрде тыйым салынған болатын. Бұл затқа шектеу қойылуының негізгі себептері келесідей:

Бұл май шаңғының сырғанау жылдамдығын едәуір арттырады, бұл спортшылар арасындағы тең бәсекелестік қағидасына қайшы. Сонымен қатар фтор - табиғатта өздігінен ыдырамайтын «химикат». Ол қоршаған ортаны ластап қана қоймай, адам ағзасында бірқатар ауыр аурулардың туындауына себепші болуы мүмкін.

Әлем кубогының рейтингінде 157-ші және 158-ші орындарда тұрған Хан мен Ли Милан-Кортина Ойындарында жүлдеге басты үміткерлер қатарында болмаған. Дегенмен, федерация ереже бұзушылықтың деңгейіне қарамастан, заң талаптарына сәйкес қатал шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар