$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қырғызстанда шет тілінде жазылған атауларды толықтай қырғызша жазу міндеттелді

Дулат Абдраманов
31 қазан 2025, 15:53
Қырғызстанда шет тілінде жазылған атауларды толықтай қырғызша жазу міндеттелді

Ош қаласының мэрі қала аумағындағы өзге тілде жазылған атауларды жойып, олардың барлығын 10 қарашаға дейін қырғыз тіліне көшіруді тапсырды.

Бұл туралы ол 28 қазанда "Керме-Тоо" қазандығының ашылу салтанатында мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, бүгінде Ошта көптеген кафе, мейрамхана мен кәсіпорын атаулары ағылшын, қытай, араб және өзбек тілдерінде жазылған.

«Шұғыл түрде, 10 қарашаға дейін олардың барлығы қырғыз тілінде жазылуы тиіс», – деді мэр.

29 қазанда мэрияның мемлекеттік тіл жөніндегі муниципалдық комиссиясы қаладағы сұлулық салондары, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Комиссия кәсіп иелеріне қырғыз тілін қолданудың маңыздылығын еске салды.

Соңғы жаңалықтар