$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Қырғызстанда депутаттар парламентті тарату бастамасын көтерді

Абдрахманов Мағжан
12 қыркүйек 2025 16:43 489
Қырғызстанда депутаттар парламентті тарату бастамасын көтерді Сурет авторы: kg.akipress.org

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары парламенттің өзін-өзі тарату мәселесін көтеріп, қол жинауды бастады. Бұл туралы депутаттардың өздері аты-жөнін атамау шартымен 24.kg агенттігіне хабарлаған.

Олардың айтуынша, арнайы топ құрылып, жақын уақытта ресми түрде ұсыныс жасалмақ.

Конституцияға сәйкес, Жогорку Кенештің өзін-өзі таратуын депутаттардың үштен бірі – яғни кемінде 30 депутат бастама ете алады. Ал шешім қабылдануы үшін депутаттардың кемінде екіден үш бөлігі, яғни 60-ы қолдауы қажет.

Хабарламада атап өтілгендей, егер парламент қыркүйек немесе қазан айының бірінші жартысында өзін-өзі таратса, онда кезектен тыс сайлау қарашаның ішінде өтуі мүмкін.

"Кезектен тыс сайлау парламент өзін-өзі таратқан күннен бастап 40 күннен 65 күн ішінде өткізіледі. Егер шешім қазір қабылданса, қарашада Жогорку Кенештің сегізінші шақырылымының жаңа құрамы сайлануы ықтимал, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар