$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Қырғызстан парламенті өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады

Абдрахманов Мағжан
25 қыркүйек 2025 12:34 465
Қырғызстан парламенті өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады Сурет авторы: Sputnik / Табылды Кадырбеков

25 қыркүйекте Қырғызстан Жогорку Кенеші өзін-өзі тарату жөніндегі құжатты мақұлдады. Дауыс беруге қатысқан 89 депутаттың 84-і бастаманы қолдады.

Парламент төрағасы Нурланбек Тургунбек уулунун айтуынша, жаңа парламенттік сайлау 30 қарашаға белгіленбек. Бұл күн заңда көрсетілген мерзімдер мен рәсімдерге сәйкес келеді.

Мұндай шешімнің қабылдануына 2026 жылы Қырғызстанда парламенттік және президенттік сайлау бір-бірінен небәрі ай аралығында өтуі себеп болды. Саяси тұрақсыздықтың алдын алу үшін депутаттар сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге келісті.

Соңғы жаңалықтар