$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

«Криптовалюта ханшайымы» атанған әйел сотталды

Дулат Абдраманов
12 қараша 2025 11:10 277
«Криптовалюта ханшайымы» атанған әйел сотталды Сурет авторы: Metropolitan Police

Ұлыбританияда «криптовалюта ханшайымы» атанып кеткен 47 жастағы Цянь Чжимин 11 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол Қытайда жүз мыңнан астам адамды алдап, әлемдегі ең ірі қаржылық пирамидалардың бірін құрған.

Тергеу дерегінше, Цянь 2014–2017 жылдары «жоғары технологиялы денсаулық өнімдері мен криптовалюта майнингіне инвестиция салу» деген желеумен 128 мың қытай азаматын алдап, шамамен 4,6 миллиард фунт стерлинг жинаған. Кейін ол ақшаны биткоинге айналдырып, Ұлыбританияға қашып кеткен.

Полиция әйелдің Лондонда жалға алған қымбат вилласын тінту кезінде 61 мыңнан астам биткоин тапқан. Бұл — Ұлыбритания тарихындағы ең ірі криптовалюта тәркілеу оқиғасы.

Тергеу кезінде Цянь өзін бай мұрагер ретінде таныстырып, айына 17 мың фунт төлеп тұрғаны анықталды. Сот оның қылмыстық жолмен тапқан ақшасын жасырып, сән-салтанатта өмір сүргенін дәлелдеді.

Онымен бірге істі болған көмекшісі Сэн Хок Линг ақшаны заңдастыруға көмектескені үшін 4 жыл 11 айға сотталды.

Соңғы жаңалықтар