$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Коронавирус тағы көбейе ме? (ВИДЕО)

Редакция
29 қазан 2025 17:01 146
АҚШ-тың Миссисипи штатында жол апаты кезінде зертханалық маймылдар қашып кетіп, жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
Коронавирус тағы көбейе ме? (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

28 қазанда АҚШ-тың Миссисипи штатында болған жол апаты кезінде жүк көлігінен бірнеше зертханалық маймыл қашып кеткен.

Шериф департаментінің мәліметінше, бұл жануарлар гепатит С және COVID-19 сияқты вирустарды тасымалдаған. Сондықтан олар адамдар үшін қауіпті деп саналады. Мамандардың айтуынша, қашқан маймылдар агрессивті мінез танытады, сол себепті оларға тек арнайы қорғаныс құралдарымен ғана жақындауға болады.

Полиция өкілдері қашқан маймылдардың көбін ұстап, жоюға мәжбүр болғанын хабарлады. Алайда бір маймыл әлі табылған жоқ, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар