$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қазақстан алтын сатып алудан әлемде Польшадан кейін екінші орынға шықты

Редакция
08 қаңтар 2026, 12:18
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде Польшадан кейін екінші орынға шықты Сурет авторы: kapital.kz

World Gold Council (Дүниежүзілік алтын кеңесі) деректері бойынша, қараша айында Қазақстан Ұлттық банкі тағы 8 тонна алтын сатып алды. Осылайша, жыл басынан қарашаға дейінгі жалпы сатып алу көлемі 49 тоннаға жетті.
Бұл көрсеткіш Қазақстанға алтын сатып алу бойынша әлемдік рейтингте екінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді. Тізімнің көш басында - 2025 жылдың 11 айында 95 тонна алтын алған Польша тұр.

Қараша айында әлемдік орталық банктер барлығы 45 тонна алтын сатып алса, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 297 тоннаны құрады.

WGC сарапшылары орталық банктер тарапынан алтынға деген сұраныстың тұрақты екенін атап өтті.

Қарашада алтын алған басқа елдер:

  • Өзбекстан (10 тонна)
  • Қырғызстан (2 тонна)
  • Чехия (2 тонна)
  • Қытай (1 тонна)
  • Индонезия (1 тонна)

Соңғы жаңалықтар